Өзін жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін тағы да бірыңғай жиынтық төлем төлемейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзін жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін тағы да бірыңғай жиынтық төлем төлей ме? Бұл сауалға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар өткен жылы 42 500 теңге алу үшін барлығы бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл жолы ондай БЖТ төлеудің қажеттілігі болмайды. Ондай талап қоймаймыз. Өткенде төледіңіз, сол жеткілікті болады. Ол мәліметтер бізде бар. Сондықтан бұл жолы өтініштеріңізді бересіздер. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ. Ал енді төтенше жағдай кезінде бір рет төлем жасағандарды біз өз тарапымыздан жүйелер арқылы тексеріп аламыз»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бұл ретте аталған санаттағы азаматтардың Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуы, зейнетақы, жәрдемақылар алуы тексеріледі.


Соңғы жаңалықтар