Өзін полицеймін деп таныстырған алаяқ елден ақша бопсалап отырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өзін полицеймін деп таныстырып, адам бопсалаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 26 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасын ұстады.

Ол екі ай бойы азаматтарды алдап, олардан ақша алып келген. Ол мұндай қылығын жасайтын кезде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған.

Осылайша қала тұрғыны бір әйелден 300 мың теңге алып, қалтасына басқан.

Ол әлгі әйелдің интим қызметтер көрсететінін түсінген соң оған телефон шалып, айыппұл саламын деп қорқытады. Сөйтіп ақшаны өз есепшотына аударуды талап еткен.

Қазір күдікті изоляторға қамауға алынған, оның тағы осындай 3 алаяқтық қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдіктіден зардап шеккен басқа да азаматтар болса, 102 нөміріне немесе +7 (7172) 71-65-18, 71-56-23 телефондарына хабарласқаны жөн.


Соңғы жаңалықтар