Өзімізге күтіммен қарау арқылы өзгелерді қауіптен қорғаймыз – Жазира Жапарқұл

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзінде тараған пандемияға байланысты елімізде енгізілген карантиндік режим ертеңіміз үшін қажет. Зілтемірші әрі Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жұртшылықты сабырға шақырып, карантин тәртібіне бағынуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемді шарпыған алапат дерт елімізді де айналып өтпеді. Халқымыздың басына түскен ауыртпалық бірігуді, асқан ұйымшылдық пен төзімді талап етуде. Сан ғасырлық ғұмырында қазақ халқы талай нәубатты бастан кешірді. Бұл қиындықтың да өткінші екені сөзсіз. Сабыр мен қанағаттың, тәртіп пен қанағаттың сыналар сәті келіп тұр. Қазақ қандай қиындықта да бел алдырмаған, келер күннен үмітін үзбеген қайсар халық. Бүгінімізге сақтықпен қарасақ, ертеңгі күніміздің шуақты болары сөзсіз. Сондықтан да карантин талаптарына түсіністік танытқанымыз абзал. Бабаларымыз денсаулықты бірінші байлыққа текке теңемеген болар. Өзімізге күтіммен қарау арқылы өзгелерді қауіптен қорғай аламыз. Ұлы даланың қыран тектес ұрпағы аман болсын!», - дейді Жазира Жаппарқұл.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар