Өзімізді жұртта қалғандай сезінетінбіз – Ұлытау облысының тұрғындары

Фото: None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат — Жезқазған өңірінде Ұлытау облысының құрылуын ақ жаулықты әжелер жақсылыққа балап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Халықтың көңіл күйі жақсы. Себебі бұл өңірді бүкіл республиканың жүрегі деп айтуға да болады. Жезқазған – мыс шығатын үлкен кен орнының бірі ғой. Жезқазған халқының көңілі бай, дастарханымыз мол. Облыс құрылғаннан кейін келешектен тек жақсылық күтеміз», - деді қала тұрғыны Айжан Жүнісова.


Ал Кәбирә Кәриева есімді тұрғын кейінгі жылдары Жезқазғандағы елдің ертеңге деген сенімі төмендеген кездер болғанын еске алды. Ұлытау облысының құрылуы сол күмәнді ойлардың асығыс айтылғанын дәлелдегеніне қуанышты.

«Алғашында біз өзімізді жұртта қалғандай сезінетінбіз. Адамдардың бәрі көшіп-көшіп кетті. Біз қалдық. Қазір шүкір дейміз. Бұдан да жаман болады деп жүргенде аяқ астынан облыс болды. Облыс болғаннан кейін көркейеміз. Жақсы-жақсы үйлер, ғимараттар соғылады. Болашағымыз зор болады деп есептейміз. Енді жан-жақтан ел оралып, Жезқазғанды бірге көтереміз», - дейді әжей.

Ал аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы Президент алдында өңірдің қандай негізгі проблемаларын көтеретінін айтты.


Соңғы жаңалықтар