«Өзгерістердің саруарлары» байқауына өтініш қабылдау аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың қаңтар айында қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты іске қосқан «Өзгерістердің саруарлары» ақселераторы аясында өтінімдер қабылдау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақселератор сарапшы-менторларының алғашқы кездесуінде 120 әлеуметтік жоба қаралды:

- Инклюзивті қоғамды дамыту (жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау);⠀

- Формалды емес білім беру шеңберінде (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру) өзекті құзыреттерді дамыту;

- Ауыл шаруашылығы, өлкетану, білім беру туризмін дамыту;

-Мәдениет, өнер және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін Art-алаңдарды дамыту;

- Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;

- Жүйелі жобалық ойлауды дамыту, көшбасшылық әлеуетті нығайту.

Сарапшылар ең көп өтінім инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жіберілгенін атап өтті. «Сондықтан, акселераторға кіретін жобаларды соңғы іріктеу екі кезеңде өтеді: бес бағыт бойынша және инклюзия бойынша жеке».

Жобаның мақсаты-әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу үшін мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіру.

⠀Миссия - жобаларға ақпараттық қолдау көрсету, қаржыландыру көздерін іздестіруге жәрдемдесу, бизнес-жоспарды әзірлеу, сондай-ақ жаңа серіктестер мен зәкірлі ұйымдарды іздеу.

ҚҚДИ - қазақстандық қоғамдық даму институты. «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асырудың барлық қатысушыларының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылды. Бағдарламаның арнайы жобасына кіретін «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» бағдарламалары бар.


Соңғы жаңалықтар