Өзгенің құқық бұзу сәтін камераға түсіруге заң тыйым салмайды - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі ҚазАқпараттың редакциялық сауалына жолдаған жауабында өзге азаматтардың құқық бұзған сәтін видеоға түсіру қаншалықты заңды екенін түсіндірді.

«Қолданыстағы заңнама азаматтарға құқық бұзған адамның бет әлпетін, әрекетін фото мен видеоға түсіріп алуға тыйым салмайды», - деп жазады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Азаматтық кодекстің 145-бабының 2 бөлігі бойынша, өзге тұлға түсірілген сурет, фото, кинофильм мен өзге де материалдарды өзінің рұқсатымен ғана жариялауға болатыны айтылған.

«Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 802-бабы бойынша бейнесі рұқсатсыз жарияланған заңды немесе жеке тұлғадан шағым түссе, қылмыстық іс қозғалады. Аталған кодекстің 768-бабы бойынша біреудің сыртынан түсірілген фото, видеодеректер сот ісінде айғақ ретінде қолданыла алады», - деп жазылған вдеомствоның жауабында.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде осы айдың басында өткен референдум кезінде референдум комиссиясының мүшелері бюллетеньдерді өздері толтырып, жәшікке салып жатқаны жайлы видео тараған болатын. Осы жағдайға байланысты сол учаскенің комиссия мүшелері уақытша қызметінен шеттетілген еді.


Соңғы жаңалықтар