Өзге этнос өкілдерінің балаларын қазақ мектебіне беріп жатқаны қуантады - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзге этнос өкілдерінің балаларын қазақ мектептеріне беріп жатқаны қуантады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзге барлық ұлттар мен этностардың өкілдеріне білім алу мүмкіндігі берілген және олар оны қолданып та жүр. Бұрынырақта мемлекеттік тілде сөлейтін қазақ емес адамды табу проблема болатын. Қазір бұл мүлдем сирек кездесетін жайт емес. Еліміздегі барлық этностардың арасында мемлекеттік тілді жақсы білетіндер санын артып келе жатыр. Мемлекеттік тіл жалпы мойындалған азаматтық маркерге айналды және көршілеріміз де соған бара жатыр. Бұл тек мемлекетті құраушы ұлттың тіліне деген құрмет қана емес. Өйткені, тіл барлығын біріктіреді», - деді Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті Америка жүздеген ұлт пен этностан тұратынын, алайда олардың ағылшын тілі америкалық қылып отырғандығын баса айтты.

«Әрине, бізде жағдай өзгешелеу. Бірақ, соған баруымыз керек және мемлекеттік тіл барлық азаматтарға басқарудың бүкіл органдарына жұмыс істеуге, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндік береді. Сондықтан мақсат үлкен. Адам көп тіл білген сайын мәдениетті бола түседі. Меніңше, көпшілік мұны ортақ мақсаттар үшін жасап отырғанымызды түсінеді. Сол себепті түрлі этностың ата-аналары балаларын қазақ балбақшаларына, мектептерге және жоғары оқу орындарына бере бастағаны қуантады. Мұны қолдау қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Соңғы жаңалықтар