Өзбекстанның Самарқан қаласында туристік орталық құрылуда

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Самарқан қалын миллион тұрғыны бар қалаға айналдыру бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің ресми өкілі Шавкат Мирзиёевтің Самарқан облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындылары туралы айтып берді.

«Бейсенбі күні Өзбекстанның мемлекет басшысы Самарқан облысына барды. Біз онда өткізіліп жатқан көлемді жұмыстың куәгерлері болдық.

Мысалы, Самарқан ауданында біздің тарихымыз және мәдениетіміздің айнасына, «Жаңа Өзбекстан» идеясының бейнесіне айналатын туристік орталық құрылып жатыр. Орталық халықаралық конгрес-холл, «Мәңгілік қала» керуен сарайы, 8 төрт және бесжұлдызды қонақүй, тематикалық саябақтар, демалыс және ойын-сауық аймақтары, қолөнер орталығы және жасанды көлдерден тұрады», - деді Ш.Асадов.

Спикер сондай-ақ болашақта қалада халықаралық әуежай салынатынын, онда құны 40 миллион доллар карго-орталық болатынын және жаңа аудандарда тұрғын үйлер бой көтеретінін атап өтті.

Оның айтуынша, 2021-2022 жылдары Самарқан облысында жалпы құны 30,4 триллион сомға 1279 инвестициялық жобаны іске асыру белгіленген. 1,8 миллиард долларға тікелей шетелдік инвестициялар игеріліп, 26 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Еске салсақ, Өзбекстанда Туризм және спорт министрлігі құрылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар