Өзбекстанның барлық 5 партиясы президенттікке үміткерлерін ұсынды

Фото: None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстаның барлық бес партиясы президент сайлауында үміткерлерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың тілшісі.

Бүгін Өзбекстанның биліктегі Либерал-демократиялық партиясының (УзЛиДеП) кезекті пленумында саяси кеңес мүшесі Шавкат Мирзиёевті президенттікке үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданды.

Президенттікке үміткер ретінде Өзбекстанның Ұлттық-демократиялық партиясы Мақсуда Ворисованы, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы Алишер Кадировті ұсынды.

Бұдан бұрын кезектен тыс пленум қорытындысы бойынша Экологиялық партия мен «Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясы президенттік сайлауға үміткер ретінде Нарзулла Обламурадов пен Бахром Абдухалимовті ұсынған болатын.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтпек. Сайлау науқаны 23 шілде күні басталды.


Авторы: Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар