Өзбекстаннан келген 6 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы 5 кедендік бекеттен өткен 4 мыңнан аса жолаушы мен жүргізуші карантиндік тексеруден өткізілді. Өзбекстаннан келген азаматтардан арнайы сынамалар алынып, 6 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың айтуынша, 6 қазаннан бері шекарадан өткен азаматтардан вирус туралы анықтамасы талап етілуде. Анықтама болмаған жағдайда екі күндік карантинге жатқызылуда. Олардан арнайы сынамалар алынып, бүгінде 406 адам стационарлық карантинге орналастырылған. Оның ішінде 6 адамнан коронавирус анықталған. Клиникалық көрсеткіш бойынша бір науқас ауруханаға жатқызылған. 5 адамда ауру симптомсыз болғандықтан, үй жағдайында емделуге жіберілген. Өңірде соңғы тәулікте қауіпті індет 1 адамнан анықталып, 1500 адам пцр тесттілеуден өткізілген.

«Осы індеттің алдын алу үшін кешегі тәулікте 1530 адам тексеріліп, оның ішінде бір жағдайда анықталып отыр.Облыс көлемінде зертханалардың қуаттылығы 1470 болса, қосымша тағы 5 зертхана жұмысқа қосылу үстінде»,- дейді Нұрбек Нышанов.

Департамент басшысының айуынша, облыс көлемінде құрылған 53 мобильдік топ карантиндік талаптарды сақтауға қатысты рейдтік шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Осынау тексерулер кезінде ережені ескермеудің 2987 жағдай тіркеліп, оларға қатысты 150 млн теңгеден аса айыппұл салынған. 9 лауазымды және 10 заңды тұлғаға, сондай-ақ 75 кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалған. Салынған айыппұлдардың 125 млн теңгесі бюджетке өндіріліп, карантин кезінде той жасаушыларға да тиісті шаралар қолданылған.


Соңғы жаңалықтар