+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Өзбекстанмен шекарадағы бекеттерде КВИ таралуының алдын алу шаралары қолға алынған

2020 жылғы 16 мамыр 17:39
Бөлісіңіз:
Өзбекстанмен шекарадағы бекеттерде КВИ таралуының алдын алу шаралары қолға алынған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байғұлов Сарыағаш ауданына қарасты «Қазығұрт» және «Жібек жолы» кеден бекеттерінде болып, кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізді. Республикалық кеңсе жетекшісі кеден бекеттерінде жүріп жатқан бүгінгі жұмыстармен танысып, жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы шараларды жалғастыру керектігін атап өтті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторингтік топтың құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сапар Жантөреев болды. Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мен аталған кеден бекеттерінің басшылары, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Смайл Тасқұлов пен «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері қатысты. Топ мүшелері алдымен «Қазығұрт» кеден бекетіне барып, бақылау-өткізу пунктінің бүгінгі жұмысымен жіті танысып шықты. Кешенді жұмыстар барысында «Қазығұрт» кеден бекетінің басшысы Берік Мергенбаев әлемді алаңдатқан індеттің шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында қатаң шаралар қолға алынып жатқанын баяндап өтті. Шекаралық өткізу пункттерінде дезинфекциялық жұмыстардың әр екі сағат сайын жүргізілетінін және осы уақытта өткізу пункттері жабылып, аймақ тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Мұнан соң, жобалық кеңсе жетекшісі «Жібек жолы» кеден бекетін аралап көріп, көрші елден келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын және жеңіл және ауыр жүк көліктері мен автобус қатынастарының да шешімі табылғанына көз жеткізді. Коронавирус індетімен күресу үшін кеден бекетінің өткізу пункттерінде тепловизорлық бейне-камералар мен қол өлшеуіштері бар инфрақызыл камералар орнатылғанын, олар арқылы дене қызуы көтерілген адамды 15 метр қашықтықтан табуға мүмкіндік беретіндігімен танысты. Мамандар алдағы уақытта да Түркістан өңірінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар әріқарай өз жалғасын табатынын айтып өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT