Өзбекстанға кіріп, шығуға ішінара рұқсат етілді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан ел аумағына кіруге және шығуға ішінара рұқсат берді. Дегенмен елдегі карантиндік шаралар биылғы жылдың тамызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Арнайы республикалық комиссияның шешімімен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанған елдермен әуе қатынасы қалпына келтірілмек. Маусымнан бастап мына топтағы тұлғаларға Өзбекстанға кіруге және шығуға рұқсат етіледі:

- шет елдердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері;

- инвестициялық жобалар шеңберінде Өзбекстан Республикасында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар мен басқа да ұйымдардың мамандары;

- емделуге келетін (кететін) тұлғалар;

- шетелде жақын туыстары немесе ауыр науқас туысы бар адамдар;

- шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің сұрауы бойынша Өзбекстан Республикасы арқылы басқа елдерге жіберілетін (транзитпен) адамдар;

- Өзбекстан Республикасында тұрақты тіркелген шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ ел тұрғындарына, сондай-ақ шет елде тіркелген Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Сонымен қатар азаматтарға оқуын немесе жұмысын жалғастыру үшін Өзбекстаннан кетуге рұқсат берілген. Ұшып-қонудың барлығы санитарлық ереже мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

Арнайы республикалық комиссия әуе рейстерін жасыл, сары және қызыл түс арқылы санаттарға бөлді.

«Жасыл» рейс санатына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты елдер енген. Коронавирус жұқтыру жағдайы азайған елдер «сары» түспен белгіленген. Ал «қызыл» топтағылардың қатарында коронавирус жұқтыру оқиғасы азаймай тұрған елдер бар.


Соңғы жаңалықтар