Өзбекстандағы сел: құтқарушылар 300 адамды эвакуациялады

None
None
ТАШКЕНТ. УЗА-ҚазАқпарат – Навои облысындағы Зарафшанда 13 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 2:30-дан 4:30-ға дейін нөсер жаңбыр салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды УзА агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша селден 4 үй зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, оқиға орнына Навои облысының Төтенше жағдайлар басқармасының 9 автокөлігі мен 70 қызметкері келген. 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.


Соңғы жаңалықтар