Өзбекстанда жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Ангор ауданы арқылы өтетін тас жолында көлік өртеніп, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігі бас басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«18 қазан күні сағат 23:00-де Ангор ауданы арқылы өтетін «Самарқанд-Термез» бағытындағы тас жолдың 1433 шақырымында «Nexia 3» маркалы көлігі жолдан шығып кетіп, каналға түскен. Салдарынан көлік өртеніп, 1993 жылы туған жүргізуші мен оның жұбайы, 3 және 4 жастағы екі баласы көз жұмды», - деп мәлімдеді Өзбекстан Республикасы ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігі Бас басқармасы.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаға байланысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 266-бабы, 3-бөлігі, «А» пункті бойынша қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар