Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасының 2 млн дозасын өндіру жоспарланып отыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда бірінші кезеңде «Спутник V» вакцинасының 2 млн дозасын өндіру жоспарланып отыр. Бұл турады журналистердің сұрақтарына жауап берген Өзбекстан Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ол халықты жаппай вакциналау үшін қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасауға арналған шаралар аясында республика басшысы Алмалық қаласында орналасқан ресейлік вакцинаның бірінші дозасын шығарған Jurabek Laboratories фабрикасына барғанын атап өтті.

Jurabek Laboratories зауытында жасалған жабдықтар мен жағдайлар айына 10 миллион доза вакцина шығаруға мүмкіндік береді, бірақ ресейлік серіктестермен олар бірінші кезеңде препараттың 2 млн дозасын өндіруге келісті. Алдағы уақытта осы көлемді ұлғайту туралы келіссөз жүргізіледі», - деді спикер.

Оның айтуынша, жобаны қаржыландыру мәселесі өзекті емес, ресейлік серіктестермен келіссөз әлі бітпеген.

«Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін ескерсек, қаржыландыру аса өзекті емес. Ең бастысы, президент бірнеше мәрте айтқандай, халық белсенді түрде вакциналануы үшін бұл жобаны тезірек бастау керек. Басты мақсат – халықтың денсаулығы», - деді Ш.Асадов.

Еске сала кетейік, шілде айының соңында Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасының бірінші партиясы құйылып, ол сапаны бақылауды тексеру үшін Ресейге жіберілген болатын. Бірінші кезеңде вакцина ресейлік шикізаттан жасалады, содан кейін осы препаратты өндірудің толық циклін құру жоспарлануда.


Авторы Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар