+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Өзбекстанда Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

2020 жылғы 3 мамыр 15:37
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан болған су тасқынына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан Бас прокуратурасы Telegram арнасының хабарлауынша, ӨР Қылмыстық кодексінің 207-бап 1-бөлігі (лауазымдық немқұрайлылық) мен 258-бап 2-бөлімі «б» тармағы (тау-кен, құрылыс немесе жарылыс қаупі бар жұмыстардың қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар тергеу жұмыстарын жүргізу Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі органдарына жүктелген.

Айта кетсек, 1 мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бір бөлігінен су ағып, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы елдімекендерді су басты. Көршілес елдің облыс басшылары су қоймасындағы су көлемін азайту үшін су бағанын Қазақстанға бұрып жіберген. Соның салдарынан Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше шекара коллекторларына су толған. Су деңгейі көтерілгендіктен Мақтаарал ауданы шекарасындағы коллектордағы су тасыды.

Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы 2017 жылы пайдалануға берілген. Су қоймасының сыйымдылығы 922 миллион текше метр суды құрайды. Оның құрылысы 2010 жылы Оңтүстік Мырзашөл арналарының орталық желісі аймағында басталған.

Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді. Мақтарал ауданында 2 мамырда түнгі 00:00-де төтенше жағдай жарияланды.


Авторы Мирас Қуандықов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өзбекстан, Су тасқыны,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT