Өзбекстанда Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша екі күдікті қамауға алынды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Реуспубликасының Бас прокуратурасы Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
«Сырдария облысының Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, оларға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Шындықты анықтауға кедергі туындамауы үшін іс бойынша оған қатысты басқа да мән-жайлары айтылмайды», делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазір тергеу амалдары аяқталмаған.
Осы апатқа байланысты қылмыстық іс 3 мамырда қозғалған болатын.
Еске сала кетейік, 2 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан бір күннің ішінде Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді. Мақтарал ауданында 2 мамырда түнгі 00:00-де төтенше жағдай жарияланды.
Айта кетерлігі, Сардоба су қоймасына техникалық аудит жүргізіледі, оған Қазақстан тарапы да қатысады.
- Өзбекстанда барлық мектеп үшінші тоқсаннан бастап толық дәстүрлі оқуға ауысады
- Өзбекстан энергия жүйесіндегі ақаудан еліміздің бірқатар өңірінде жарық сөнді
- Өзбекстанда ЖОО-ларды ірі қалалардың шетіне көшіру жоспарлануда
- Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады
-
Президент бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
-
Қырғыз-өзбек шекарасында 5 балдық жер сілкінді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам