Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, Фергана облысында екі адам, Хорезм облысында екі адам және Ташкентте бір адам коронавирус жұқтырған.

Осылайша, бұл елде вирус жұқтырғандардың саны 88 адамды құрап отыр. Өзбекстанда коронавирус жұқтырған бір адамның көз жұмғаны белгілі. Алайда оның өлімі жүрек талмасынан болған. Марқұм 72 жастағы әйел адам болатын.


Мирас Қуандықов


Соңғы жаңалықтар