Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 33 адамға жетті

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 33 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ведомствода атап өткендей, инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған 9 адамнан табылған. Сондай-ақ, шетелден келген тағы бір науқастың ауру жұқтырғаны туралы ақпарат расталды.

Елдің бас мемлекеттік санитарлық инспекторы Нурмат Отабековтің дерегі бойынша, карантин кезінде 9 мыңнан астам адам бақылауда болған, оның ішінде 7 мыңы жазылып шыққан. Қазіргі уақытта 2 300 адам карантинде жатыр.

Санитарлық инспектордың айтуынша, Өзбекстанда барлық қажетті дәрі-дәрмектер, диагностикалық құралдар қоры, сондай-ақ дәрігерлер бар. Ел президенті Қытайдағы мамандарды арнайы рейспен Өзбекстанға шақыртуды тапсырған.

Еске салайық, Өзбекстанда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам 15 наурызда анықталды.


Соңғы жаңалықтар