Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 25 мыңнан асты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 25 мыңнан асты. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 тамыз, жергілікті уақыт сағат 10:00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00) дерек бойынша, Өзбекстанда тағы 257 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Елде осы инфекцияны жұқтырған адамдардың жалпы саны 25 040 құрап отыр.

Оның ішінде 15 299 науқас (61 пайызы) жазылған. ӨР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде 149 адам осы індеттен қайтыс болған.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда 9 592 науқас емделуде. Соның 592-сінің жағдайы ауыр, ал 185-інің жағдайы өте ауыр.


Соңғы жаңалықтар