Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 4 адам ауыр халде жатыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 25 наурыздағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 55 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас ауыр халде жатыр.

«Коронавирус жұқтырған 15 өзбекстандықтан пневмония табылды, төртеуі - ауыр халде жатыр», – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік инспекциясының бастығы Нурмат Отабеков.


Соңғы жаңалықтар