Өзбекстанда коронавирус бойынша эпиджағдай жақсарып келеді

Фото: None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавируспен ауыратындар саны азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

ӨР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 қарашада 174 адамнан коронавирус табылған – бұл маусымнан бергі ең төменгі көрсеткіш. Маусым-тамызда ауру көрсеткіші тәулігіне 800-1000 адам болған. Қыркүйек-қазанда бір күнде COVID-19 жұқтырғандар саны 400-ге жетті.

Елде коронавирустан емделгендердің жалпы саны 191 750 адамға жеткен немесе 98 %-ды құраған.

«Елде коронавирус жағдайы жақсарғанымен, тұрғындардан карантин ережесін сақтауды сұраймыз», - дейді ӨР денсаулық сақтау министрлігінен.


Соңғы жаңалықтар