Өзбекстанда қолма-қол ақша тапшылығы тіркелді

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстандықтар долларды сомға ауыстыра бастады. Өзбекстанның Орталық банкі әлеуметтік желілерде тараған елдегі банкоматтарда қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі туралы хабарламаларға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан банкінің мәліметінше, наурыз айының екінші жартысынан бастап маусымдық экономикалық белсенділіктің өсуіне байланысты халық арасында қолма-қол ақшаға деген сұраныс жоғары болды. Наурыздың екінші жартысында ғана орталық банк қосымша айналымға 1,12 трлн сомды, ал сәуірде 6,34 трлн сомды енгізді. Мамырдың соңғы 11 күнінде қосымша 1,11 трлн сом шығарылды.

Қазіргі уақытта Өзбекстандағы банкоматтардағы қолма-қол ақша тапшылығы байқалған.
«Жалпы наурыз және сәуір айларында қосымша 8 триллион сом берілді. Бұл негізінен шетел валютасын ұлттық валютаға айырбасталуының күрт өсуіне байланысты болды. Екі айда бұл қажеттілік әдеттегі 11 триллион сомнан 19,3 триллион сомға өсті. Сондай-ақ пластикалық карталардан 4-4,5 триллион сом (17 триллион сумнан 22 триллион сумға дейін) қолма-қол ақша алынды», - делінген өзбекстандық банктің ресми хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар