Өзбекстанда киім дүкені өртке оранды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Ташкент қаласындағы киім дүкендерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Телеграмдағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

«11 қазан күні сағат 08:50-де Ташкент ТЖБ кезекші бөліміне «Uchtepa Outlet Centre» киім дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Отқа оранған дүкен Учтепин ауданы, «Фархад» көшесінде орналасқан. ТЖМ құтқару жасақтары оқиға орнына 3 минутта келді. Дереу әрекет етудің нәтижесінде сағат 09:54-те өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда», - деп жазды Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі телеграмдағы ресми парақшасында.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіруге 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған. Ал қызыл жалын шарпыған аумақ 1500 шаршы метрді құрайды.



Соңғы жаңалықтар