Өзбекстанда карантин 15 маусымға дейін ұзартылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда карантиндік шаралар 15 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Мұндай шешімді коронавируспен күрес жөніндегі арнайы комиссия шығарды. Алайда Өзбекстанда бұған қарамастан 1 маусымнан бастап кейбір қызмет түрлеріне шектеулер алынып тасталмақ.

Елдегі «қызыл деңгейлі» өңірлерде риэлторлік және жарнама, маркетингтік қызметтерге рұқсат берілді.

Ал «сары» деңгейлі өңірлерде тамақтанатын орындардың жұмысына рұқат етілді.

«Жасыл» деңгейлі өңірлерде барлық қызмет түрлеріне жұмыс жасауына мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, бұл өңірдерде 30 адамның қатысуымен той жасауға рұқсат бар.

Айта кетсек, 5 маусымнан бастап Өзбекстанның кәсіби футбол лигасы ойындарын бастайды, алайда матчтар көрерменсіз өткізіледі.

Еске салсақ, Өзбекстан коронавируспен тиімді күрес жүргізу үшін елде «жасыл», «сары», «қызыл» деңгейлер енгізгені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар