05:10, 21 Мамыр 2022 | GMT +6
Өзбекстанда халықаралық гүлдер фестивалі өтеді
ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбекстанда халықаралық гүлдер фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап.
«22 мамырда Наманган қаласында 61-ші Халықаралық гүлдер фестивалі басталады.
Екі аптаға созылатын фестивальде республиканың және шетелден келген дарынды гүл өсірушілер, икебана өнерінің шеберлері, ландшафт дизайнерлері гүл өсірудегі шеберліктерін көрсетеді», - делінген агенттік таратқан хабарламада.