Өзбекстанда банктер өз клиенттеріне кредиттік демалыс беруі мүмкін

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан банктеріне клиенттерге 2020 жылдың 1 қазанына дейін жеңілдік кезеңін ұсынуға кеңес берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, орталық банк коронавирус инфекциясының таралу жағдайында берілген несиелерді қайтару кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне кері әсер ететін салдарларды жеңілдету мақсатында 2020 жылдың 1 қазанына дейін несие бойынша негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдік кезеңін беру туралы кредиттік шарт талаптарына өзгерістер енгізу және жеңілдік кезеңіне қарай төлем мерзімін ұзарту мәселелерін қайта қарауды ұсынды.

Бұл ретте, коммерциялық банктерге талаптары жоғарыда баяндалған ұсынымдар негізінде қайта қаралған кредиттер сапасының жіктелуін өзгертпеу құқығы берілген.

Сонымен қатар, Өзбекстанның орталық банкі барлық коммерциялық банктерге коронавирус инфекциясының таралуы салдарынан ақша ағыны деңгейі төмендеген және жобаларды іске асыру мерзімі кешіктірілген кәсіпорындардың, оның ішінде туризм саласындағы және халықаралық жүк тасымалымен айналысатын кәсіпорындардың, коронавирус кең таралған елдерде негізгі контрагенттері бар шаруашылық субъектілердің, сондай-ақ қызметіне коронавирустың алдын алу шаралары теріс ықпал ететін Өзбекстандағы кәсіпорындардың несиелерін қайтару мүмкіндігін мұқият зерттеуді ұсынды.

Мирас Қуандықов


Соңғы жаңалықтар