Өзбекстанда автокөлік экспорты қысқарып, импорт өсті

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - 2022 жыл басынан бері Өзбекстанда автокөлік экспорты қысқарып, импорт өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат өзбекстандық ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 68 905 автокөлік шығарылған.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан Әзербайжан, Тәжікстан, Корея және Ливанға 58 автокөлік экспорттады. Өз кезегінде бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 763-ке аз.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанға әлемнің 21 елінен құны 189,3 миллион доллар болатын 8508 автокөлік әкелінген және жеңіл автокөліктердің импорты 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 361-ге немесе 2,7 есеге өсті.

Сондай-ақ Өзбекстанға үш айда 455 электромобиль әкелінді. Өткен жылмен салыстырғанда электромобиль импорты 370 бірлікке немесе 5,4 есеге өскені айтылды.


Соңғы жаңалықтар