+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады

2021 жылғы 1 наурыз 21:01
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің мәліметінше вакцинацияның бірінші кезеңінде елдің 4 миллионнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада вакцина салатын пунктілер түн жарымына дейін жұмыс істейді Маңғыстау облысында 5460 адам коронавирус вакцинасын салдырды Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды

Вакцинацияның бірінші кезеңінде 4 112 668 адамды тегін егу жоспарланып отыр.

Оның арасында:

1. Егде жастағы адамдар: - 65-тен 74-жасқа дейінгі – 1 085 797 адам; - 75-тен 84-жасқа дейінгі – 388 686 адам; - 85 жастан және одан жоғары– 139 280 адам;

2. Медицина қызметкерлері – 447 976 адам;

3. Созылмалы аурулары бар адамдар – 888 190 адам;

4. Мектеп мұғалімдері – 689 383 адам;

5. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері – 223 426 адам;

6. Құқық қорғау органдары мен қарулы күштердің өкілдері – 180 000 адам.

Өзбекстанда вакцинацияның басталуы наурыздың бірінші жартысына жоспарланған.

Оны өткізу үшін Ташкенттегі және елдің барлық аймағындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінен 3138 кабинет бөлінген.

Сонымен қатар халықты коронавирусқа қарсы вакцинацияға 820 мобильді бригада тартылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT