+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Өзбекстанда 221 адам коронавирус жұқтырған

2020 жылғы 3 сәуір 13:36
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда 221 адам коронавирус жұқтырған

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 221-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстанның мемлекеттік бас санитар инспекторы Нурмат Атабековтың мәліметінше, Ташкенттегі Вирусология ғылым-зерттеу институтында 17 пациенттен пневмония байқалған. Бұл ретте төрт пациенттің жағдайы ауыр, олардың екуінікі – тұрақты ауыр. Бүгінде Өзбекстанда коронавирус инфекциясынан толығымен 25 адам емделіп шыққан, екеуі көз жұмды.

Нурмат Атабековтың айтуынша, көптеген азаматтар әлі күнге дейін жағдайдың ауыр екенін түсінбейді, карантин ережелерін бұзуда. Кей адамдар коронавирустың клиникалық белгілері анықталған кезде дәрігерлерге жүгінбей жатыр.

Сонымен қатар бас санитар инспектор жақында ғана ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастың жағдайы туралы хабарлады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT