Өзбекстанда 12 облыс пен Ташкент қаласының әкімдері тағайындалды

None
None
ТАШКЕНТ. УзА-ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың жарлығымен Өзбекстанның 12 облысы мен Ташкент қаласының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды УзА агенттігі ӨР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарлықта, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бап 15-тармақ және 102-баптарына сәйкес халық депутаттарының облыстық Кеңестерінің жарлықтары мен шешімдеріне орай:


Шухратбек Абдурахманов - Әндіжан облысының әкімі лауазымына;

Уктам Барноев - Бұхара облысының әкімі лауазымына;


Салиев Ергаш - Жызақ облысының әкімі лауазымына;


Қабул Турсунов - Науаи облысының әкімі лауазымына;


Хайрулло Бозоров - Наманган облысының әкімі лауазымына;


Еркинжон Турдимов - Самарқанд облысының әкімі лауазымына;


Ғафуржан Мырзаев - Сырдария облысының әкімі лауазымына;


Тура Боболов – Сұрхандария облыс әкімі лауазымына;


Рустам Холматов - Ташкент облысының әкімі лауазымына;


Шухрат Ғаниев - Ферғана облысының әкімі лауазымына;


Фарход Ерманов - Хорезм облысының әкімі лауазымына;


Зойир Мирзаев - Қашқадария облысының әкімі лауазымына;


Джахонгир Артиходжаев - Ташкент қаласының әкімі болып тағайындалған.

Сондай-ақ, кеше, 13 қаңтарда Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сайлаудан кейінгі алғашқы сессиясы болып, онда Қарақалпақстан Республикасы Конституциясының 80-бабына сәйкес, Өзбекстан Республикасы Президентінің келісімімен Муса Ерниязов Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Ал, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып Кахраман Сариев Өзбекстан Республикасы Президентімен және Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесі Төрағасының ұсынысы бойынша тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар