Өзбекстан Түркі академиясы халықаралық ұйымына бақылаушы мәртебесін алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті V отырысы барысында Өзбекстан Республикасы халықаралық ұйымға ресми түрде бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Осыған қарай, Халықаралық Түркі академиясының ғимараты алдында Өзбекстанның мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркі академиясының ғимаратында өткен ресми жиында ұйым президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевтан Өзбекстанның Мемлекеттік туын қабылдап алып, арнайы ту туғырға салтанатты көтеру рәсімін жасады. Осылайша түркі әлемінің ғылыми-интеллектуалды орталығы саналатын Түркі академиясы іргесін кеңейтіп, ғылыми интеграция ауқымын жаңа белеске көтерді.

Айта кету керек, 2019 жылдың Түркі ынтымақтастық ұйымының (сол кездегі Түркі кеңесі) Баку қаласында өткен 8-ші Саммиттінде Өзбекстан ұйымға толыққанды мүше болып қабылданды. Осыған қарай, ынтымақтыстық аясында Өзбекстан тарапы Түркі академиясына бақылаушы мемлекет мәртебесін алу үшін ресми өтінім берді.

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясына Түркі әлемінің елдерімен ынтымақтастық институттары арасында бақылаушы мәртебесіне өтініш қабылдаған алғашқы ұйым Мажарстан болған еді.


Соңғы жаңалықтар