Өзбекстан ТМД-ның өнеркәсіп саласындағы келісіміне қосылды

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Өзбекстан 2012 жылы 30 мамырда Ашхабадта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған келісімге қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Президентінің «Халықаралық шартқа қосылу туралы» Жарлығына орай, Өзбекстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің өндірістік кооперациясы және өнеркәсіптік саясаты кеңесін құру туралы келісіміне қосылды.

Келісімге байланысты қатысушы тараптар ТМД-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласында келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық жасайды:

· өндірістік саясат туралы шешімдерді өзара келісім бойынша әзірлеу;

· өндірістік ынтымақтастық туралы ТМД шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдер мен шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;

· осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің жекелеген салалардағы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын үйлестіру, бірлескен бағдарламалар мен жобалардың тізбесін қалыптастыру;

· салалар мен бизнестің бәсекеге қабілеттілігін және тұрақты дамуын арттыруға бағытталған өнеркәсіп саласындағы бірлескен қызметті үйлестіру және т.б.

Өзбекстанда осы Халықаралық келісімнің орындалуына Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігі жауапты құзыретті орган ретінде тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар