Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып тастады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпрат – Кабар – Қырғызстан- Өзбекстан мемлекеттік шекара учаскесінде - Джалал-Абад облысының Ала-Букин ауданы Добо-Коргон ауылында Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің шекарашылары Қырғызстан Республикасының үш азаматына қару қолданған. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызмметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Соның салдарынан 1974, 1998 және 2000 жылғы Қырғызстан азаматтары жарақат алып, Ала-Букин аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар естерін жимастан алған жарақатынан көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қырғызстан өкілі Өзбекстан Республикасының Янги-Курган бағыты бойынша шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар 2022 жылдың 6 мамырында кездесуді жалғастыруға келіскен.

Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.


Соңғы жаңалықтар