Өзбекстан мұражайында 100-ден астам жалған экспонат анықталды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Хиуа қаласындағы «Ичан-Қала» мемлекеттік қорық-мұражайында 100-ден астам жалған экспонат анықталды. Бұл туралы Өзбекстанның Мәдени мұра агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Тарихи құндылықтардың жалғандығы бірегей экспонаттар тізіміне енгізілген мұражай қорын зерттеу барысында анықталған.

«Музейдегі 101 экспонат мөлшері, материалы, өңдеу стилі және жасалған кезеңі бойынша кіріс кітабының сипаттамаларына сәйкес келмейтіні анықталды», - деп көрсеткен агенттік.

Тексеріс нәтижелері бойынша тиісті құжаттар құқық қорғау огандарына берілді.

2500 жылдан астам тарихы бар «Ичан-Қала» бекінісі – Хиуа қаласының тарихи бөлігі саналады. Ол 1990 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Өзбекстанның 2 облысын су басып, 4 адам көз жұмған.


Фото: podrobno.uz



Соңғы жаңалықтар