Өзбекстан мен Ауғанстан шекарасындағы атыс туралы ақпарат - фейк

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі өзбек-ауған шекарасында атыс туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстандағы әлеуметтік желілерде 4 мамырға қараған түні өзбек-ауған шекарасында атыс болып, салдарынан Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерінде қызмет ететін әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған.

«Таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Шекарадағы жағдай тыныш, оңтүстік штаттық режимде күзетіліп жатыр. Ауғанстан Уақытша үкіметінің ресми өкілі Забихулла Муджахед те интернеттегі түрлі жарияланымдарды жоққа шығарып, оның жалған екенін айтты», - деді ведомстводан.


Мадибек Джанибеков


Фото: uzdaily.uz


Соңғы жаңалықтар