Өзбекстан Қазақстанның көлік нарығына дендеп енбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аллюр» компаниялар тобы» қазақстандық компаниясы мен Өзбекстанның «Узавтосаноат» акционерлік қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандум рәсімдеді. Аталған құжатқа екі компания басшыларының орынбасарлары - Юрий Афанасьев пен Рустам Усманов қол қойған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Podrobno.uz  сайтына сілтеме жасап. 

Меморандум аясында еліміздегі автомобиль жасау саласындағы кәсіпорындардың теxникалық базасын жаңарту жоспарланған. «Узавтосаноаттың» өнімдерін «AllurGroup» компаниясының өндіріс ошақтарына жеткізу шаралары да қарастырылып отыр. Құжатта өзара сауда, тауар алмасу, экспорт-импорттық операциялар, ақпарат алмасу мен қызмет көрсету, тіпті бірлескен жобаларды іске асыру жоспары бар.

«Меморандумға сәйкес, тараптар Қазақстан нарығы үшін шығарылатын өнімдердің модельдік қатарын кеңейтуді де қарастыруда. Әріптес компаниялар нарықтың сұранысына қарай өнім өндіру көлемін арттыратын болады», - делінген ресми xабарламада.

Бұған дейін "AllurGroup" компаниясы Өзбекстанның тағы бір көлік өндірушісі - "GM Uzbekistan"-мен келісім жасасып, Қостанайда "Ravon Nexia R3" көлігін шығаруды қолға алғанын жариялаған еді. 

Айта кетейік, «Аллюр компаниялар тобы» АҚ - Қазақстандағы ірі көлік өндіруші «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-нің,  ауыл шаруашылығы теxникасын шығаратын «Агромашхолдинг» АҚ-ның акционері. Аталған компаниялар SsangYong, Peugeot, Iveco, JAC, Hyundai, Ravon, Niva Chevrolet, Suzuki, Mitsubishi, Ravon мен Ford-тың Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар