Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды карантин шараларын сақтай отырып, отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтем жасап.

«Халықтың денсаулығын қамтамасыз ету және елдегі эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында азаматтарға 2022 жылғы мерекелік жаңа жылды мүмкіндігінше отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуды ұсынамыз», - деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда «омикрон» коронавирус инфекциясының жаңа штаммының енуіне жол бермеу мақсатында елге кірушілер үшін бірқатар жаңа карантиндік шектеу шаралары қабылданды.

Автор: Мәдібек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар