Өзбекстан басқа елдермен әуе байланысын қалпына келтіреді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан коронавирусқа қатысты жағдай жақсарған елдермен әуе байланысын қайта қалпына келтіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Өзбекстанның арнайы республикалық комиссиясы Telegram-дағы парақшасында жариялады.

Осыған байланысты 15 маусымнан бастап Өзбекстанға келесі тұлғалардың келуіне рұқсат берілген: шет елдердің дипломатиялық өкілдіктер және консульдық мекемелерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері; Өзбекстанда инвестициялық жоба бойынша жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың мамандары, емделуге келген немесе кетуші тұлға; шет елде ауыр науқас жақын туысы бар адамдар, Өзбекстанда тұрақты тіркелген шетелдіктер, азаматтығы жоқтар, сондай-ақ шетелде тұрақты тұратын Өзбекстан азаматтары.

Сонымен қатар, өзбекстандықтарға шетелде оқуын немесе жұмысын жалғастыру үшін елден кетуіне рұқсат етілген.

Өзбекстанның Көлік министрлігі шетелден азаматтарды жеткізетін чартерлік рейстердің 15-21 маусым аралығындағы кестесін бекітті. Осы аралықта 11 рейс жасалады.


Соңғы жаңалықтар