ӨзА-ның құрылғанына 30 жыл толды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінің (ӨзА) құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Президенті Жарлығымен 1992 жылдың 5 ақпанында ӨзА құрылған болатын.

Жалпы, аталмыш агенттіктің жылнамасы 1918 жылы Ташкентте ашылған РОСТА бөлімшесінен бастау алады. Одақ кезінде ӨзТАГ болды.

Қазіргі күнде белгілі журналист Абусаид Кучимов басқаратын агенттік өзбек, орыс, ағылшын, француз, испан, неміс, араб, қазақ және қытай тілдерінде хабар таратады.

ӨзА-ның шығармашылық ұжымы 1 күнде 300-ден аса материал дайындайды.

Агенттіктің республиканың барлық облыстарында тілшілері бар. 2021 жылы 27 маусым күні журналистердің кәсіби мерекесіне байланысты барлық облыстардағы тілшілерге автокөлік берілді.

Агенттіктің мерейтойына арналған іс-шараға Өзбекстан Журналистері шығармашылық одағының төрағасы Олимжон Усаров қатысып, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен жаңашылдықтарды, жүзеге асырылып жатқан реформалардың мән-мағынасын, жетістіктерін жариялайтын ақпарат агенттігінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады.

Іс-шара соңында ӨзА шығармашылық ұжымының белді өкілдеріне Өзбекстан Журналистері шығармашылық одағының мүшелік билеті мен төс белгісі, алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар