Отырарда жоғалған бойжеткен Алматыдағы базардан табылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданында 19 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Бойжеткенді туыстары іздеп таппаған соң, полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткеннің ағасы қарындасының Шәуілдір ауылындағы ауруханаға көрініп келемін деген сылтаумен кетіп қалғанын жеткізген. Алайда қайта оралмаған. Оны іздестіруге облыстық ПД –нің КПБ мен Отырар АПБ қызметкерлері жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары 10 күн бойы іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жас қыз аман-есен табылды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, қыздың Шәуілдір ауруханасына бармағандығы анықталған. Керісінше Алматы қаласында болуы мүмкін екендігі айқындалып, бірнеше полиция қызметкерлері іссапармен сонда барған. 10 күннен астам жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыз Алматы қаласындағы базарлардың бірінен табылды. Ол осы уақыт аралығында күнкөріс мақсатында жұмыс істеп, Алматы қаласындағы танысымен пәтер жалдап тұрған. Қазіргі таңда полицейлер келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтауда.


Соңғы жаңалықтар