Отырарда кезекті «Халықтық кеңсе» ашылды

None
None
ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді мекенінде «Халықтық кеңсе» ашылды. Кәсіпкерлер палатасы ғимаратынан ашылған кеңсе ендігі жерде ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ашылған кеңседе мемлекеттік қызметтер сапалы түрде көрсетіліп, құжаттар рәсімдеу жеңілдетіледі. Аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында жұмыс істейтін кеңседе түрлі саланың білікті мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, халыққа тиімді қызмет көрсететін болады. Енді аудан тұрғындары түрлі мәселелері мен өзге де сұрақтары бойынша әр мекемеге барып уақыт жоғалтпастан, осы кеңседе барлық сала бойынша қажетті қызмет түрлерін ала алады.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі мұндай кеңселердің алғашқысы Түлкібас ауданында, әрі қарай облыстық Полиция департаментінде және барлық қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде жаппай ашылған болатын. Сондай-ақ, азаматтар үшін қолайлы кеңселер алдағы уақытта басқа да қала,аудандарда ашылады деп жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар