Өткен жылы Түркістан облысына 164 мыңнан астам шетел азаматы келген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Өткен жылы Түркістан облысының аумағына 164 мыңнан астам шетелдік азамат келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған ҚР Ішкі істер министрлігі құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, визалық-көші-қон режімін жеңілдету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуі оңды ықпал етті. Солардың бірі - елімізге келетін шетелдіктерге міндетті тіркеуді жою.

Қабылданған түзетуде елімізде 30 тәулікке дейін болатын шетелдіктерді көші-қон қызметі органдарында тіркеуден өту міндетінен босатылатыны көрсетілген. Ал, 30 тәуліктен артық болған жағдайда шетелдікке уақытша болуға рұқсат рәсімделеді. Бұл ретте айта кетер жайт, шетелдіктің өзі рұқсат алу үшін ІІО-ға өтініш білдірмейді. Яғни шетелдіктің келуі, болуы және уақытша тұруына рұқсатты рәсімдеу туралы хабардар ету үшін жауапкершілік оларды қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.

Бұл ретте артық әкімшілік кедергілер жойылады және тұтастай алғанда елдің инвестициялық, туристік тартымдылығы және Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің ашықтығы артады.

2019 жылы Түркістан облысының аумағына 164 мыңнан астам шетелдік азаматтың келуі де осы визалық-көші-қон режімін жеңілдетудің нәтижесі.






Соңғы жаңалықтар