Өткен жылы мемлекеттік бюджет кірісі 102,7 пайызға орындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы мемлекеттік бюджет кірісі 102,7 пайызға орындалды. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы мемлекеттік бюджет кірісі - трансферттерді есептемегенде жоспарға қарағанда 102,7 пайызға, республикалық бюджет кірістері - 100,3 пайызға, ал жергілікті бюджет кірісі - 108 пайызға орындалды», - деді ол.

Үкімет басшысының атап өтуінше, мемлекеттік бюджет шығыстары жоспарға қарағанда 98,2 пайызға атқарылды.

«Бұл ретте республикалық бюджет шығыстары - 98,3 пайызға, ал жергілікті бюджет шығысы – 99,1 пайызға орындалды», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар