Өткен жылы күндізгі стационарда 1 млн-нан астам адам емделді – Болат Төкежанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы амбулаториялық деңгейде халыққа 215 миллионға жуық қызмет көрсетілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«110 миллион қабылдау, оның ішінде 33 миллионға жуық бейінді мамандардың қабылдауы, 65 млн зертханалық диагностика қызметі, шамамен 28 млн процедура мен манипуляция, 11 млн диагностикалық қызмет, оның ішінде 454 мың КТ / МРТ, 2,8 млн УДЗ, 13,5 мың ПЭТ диагностикасы кіреді. Емханалар арқылы көрсетілген барлық консультациялық-диагностикалық қызметтің негізгі бөлігі медициналық сақтандыру есебінен төленген», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Оның айтуынша, өткен жылы күндізгі стационарға 1 млн-нан астам адам жатып емделді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 508 мың және МӘМС жүйесінде - 578 мың емдеуге жатқызу (әлеуметтік мәні бар ауруларды есепке алмағанда).

«2,7 млн-ға жуық пациент тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда (әлеуметтік мәні бар ауруларды есепке алмағанда) ем алды. Ауруханаға жатқызудың жалпы құрылымында шұғыл көмек 62%-ды құраса да, шұғыл жатқызу жағдайлары айтарлықтай төмендегенін атап өткен жөн. Жоспарлы емге қолжетімділік те артты: пациенттердің 86% бір күннен он күнге дейінгі мерзімде стационарларға орналастырылды және тек 5%-ы 30 күннен астам уақыт күтті. 2019 жылы бір айдан астам уақыт ауруханаға жатқызуды күткен пациенттер саны 12% жеткен болатын», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар