Өткен жылы Қазақстанда 48 сүт фермасы іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде жыл сайын 35 өнеркәсіптік тауарлы сүт фермасы іске қосылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің басшысы Сәуле Молдабаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы ауыл шаруашылығының импорттық өнімдерін алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты, ет бағытындағы 8 құс фабрикасы, балық өндіретін 3 ферма іске қосылған.

1800 гектар жерге қарқынды алма бақтары отырғызылды.

«2024 жылға дейін Жамбыл облысында 19 ет өндіретін құс фабрикасын, 9 ет өңдеу кәсіпорнын, 8 тауарлы балық өсіру жобасын, сондай-ақ жаңа қант зауытын іске қосу жоспарлануда. Бұдан бөлек, жыл сайын 35 өнеркәсіптік тауарлы сүт фермасы іске қосылып, 2 мың қарқынды бақ салынады», - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің басшысы Сәуле Молдабаева.

Оның айтуынша, министрлік жүргізіп жатқан жұмыс 2023 жылдың соңына қарай импортқа тәуелділік мәселесін шешуге және елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар