Өткен жылы Қазақстан зауыттарында 5 мыңнан астам техника шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемиямен және қаржы секторының тұрақсыздығымен байланысты әлемдік дағдарысқа қарамастан, ҚР автомобиль өнеркәсібі 2020 жылы өндіріс пен сатылымда елеулі өсімді көрсетті.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

96 жетекші елде автомобиль өнеркәсібін талдаумен айналысатын NCSA (Ұлттық автомобильдерді сату қауымдастығының) әлемдік сарапшылары жылдың ортасында әлемдегі саланың жаһандық құлдырауын атап өтті. Алайда, сол кездің өзінде машина жасау саласындағы тұрақты көшбасшылардың теріс көрсеткіштерінің аясында тек 4 ел ғана оң статистиканы көрсете алды, ал олардың көшбасшысы Қазақстан болды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020 жылы автомобиль жасау саласындағы өңдеу өнеркәсібінде ең үлкен өсімді (50% - дан астам) атап өтті.

ИИДМ деректері мен Қазақстанның Автоөнеркәсібіндегі жылды қорытындылаған Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығының сарапшылары растап отыр.

Елімізде жылдық өндіріс көлемі 2020 жылы 77 471 бірлік техникаға жетті, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен бір жарым есе артық (50 541 бірлік). Соның ішінде жүк автомобильдері мен автобустардың өндірісі бойынша көрсеткіштердің өскені байқалады. 2020 жылы отандық зауыттар шамамен 40% өсімді көрсете отырып, 5 мыңнан астам техника шығарды.
Бұл ретте, 2019 жылы ҚР машина жасаудағы автомобиль жасау секторының үлесі небәрі төрттен бірін (26,3%) құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш үштен біріне дейін (33,4%) өсті.



Соңғы жаңалықтар