Өткен жылы ең көп табыс тапқан музыканттар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы ең көп табыс тапқан музыканттардың рейтингі ұсынылды. Тізімді америкалық Billboard басылымы дайындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Росбалт»-қа сілтеме жасап.

Бір жылда 62,1 миллион доллар тапқан әнші Бейонсе рейтингте көш бастады. Екінші орында америкалық Guns N« Roses хард-рок-группасы тұр. Оның құрамындағы өнерпаздар 42,3 миллион доллар ақша тапқан. Үштікті америкалық рок- және фолк-музыкант Брюс Спрингстин түйіндеді, ол Guns N» Roses-тен 100 мың долларға қалып қойған.

Қаламақысы жоғары музыканттардың ондығына канадалық рэпер Дрейк, британдық әнші Адель, Coldplay ағылшын поп-рок-ұжымы, канадалық әнші Джастин Бибер, Люк Брайан және Кенни Чесни, америкалық рэпер Канье Уэст кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар