Өткен жылы 320 мың тұрғын үйді сату мәмілесі жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 320 012 тұрғын үйді сатып алу, сату мәмілесі жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылғы желтоқсанда 27 743 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі тіркеліп, қараша айымен салыстырғанда 6,9 пайызға артты. Бұл ретте Алматы (1 153), Түркістан (659) және Шығыс Қазақстан облыстарында (594) жеке тұрғын үйлердің сауда-саттығы жоғары болды.

Ал көппәтерлі үйлердегі ең көп баспана саудасы Алматы (4 991), Нұр-Сұлтан қалалары (3 255) мен Қарағанды (2 504) облысында тіркелді.

Жалпы, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 21 пайызға өсті.



Соңғы жаңалықтар