Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 7 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте 35 адамның Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ коронавирус пневмониясынан 7 адам қайтыс болды, 78 адам вирустан жазылып кетті.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап, барлығы 77995 адам коронавирус пневмониясымен ауырды. Сондай-ақ 4962 адам қайтыс болып, 66483 аталмыш дерттен жазылып кетті.


Соңғы жаңалықтар